Абайтану әліппесі: Жақсы құрбы-құрдас

iPad Screenshot 1

«Абайтану әліппесі» оқу-әдістемелік кешені интеллектуалды интерактивті оқыту технологиялары негізінде жалпы білім беретін мектептің 5-9-сыныптарына арналған. «Жақсы құрбы-құрдас» оқу құралында Абай шығармалары хрестоматия түрінде әзірленді.
«Абайтану әліппесі» деп аталатын бұл кітап пен электрондық кешенде ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері және олардың тәрбиелік мәні мәнерлеп оқылады. Сол арқылы Абай айтқан сөздердің өнегесін жас ұрпаққа жеткізу, олардағы тұнып тұрған ақыл және ізгі сезіммен бала жаратылысын нұрландыру көзделеді.

* Барлық өлеңдер толық оқылады
* Мәтін мазмұны бойынша автордың комментарийі оқылады
* Тыңдау ұғынықты болу үшін диктордың дикциясының таза, анық, қанық және мәнерлі оқылуы қамтамасыз етілген.
* Қазақ үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін әзірленген
* Аудио кітап

Available on the App Store

Еще нет комментариев.

Оставить ответ